Оқиға • 04 Наурыз, 2025

Елордада «Наурызнама» онкүндігі өтеді

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы биылғы Наурыз мейрамын ерекше ауқымда атап өтпек. Қалалық Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, 14-23 наурыз аралығында елордада «Наурызнама» онкүндігі өтеді. Бұл күндері 200-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Наурызнама» онкүндігі өтеді

Фото: Ашық дереккөз

Негізгі мерекелік бағдарламалар 21-22 наурызда қаланың алаңдарында, сондай-ақ 14 тұрғын алапта өтеді. Аудан әкімдіктері мен Мәдениет басқармасының қолдауымен концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер мен театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, елордалықтар мен қонақтар үшін қолөнер көрмелері, ұлттық тағамдар фестивальдері, спорттық жарыстар және Наурыздың дәстүрлі салт-дәстүрлерін насихаттайтын шаралар қарастырылған.

Айта кетейік, Наурыз мейрамына жұмсалатын қаржы жергілікті бюджеттен және демеушілердің қолдауымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта іс-шараларды өткізуге қажетті қаражат көлемі нақтыланып жатыр.

Биылғы Наурыз елордалықтар үшін кең ауқымды бағдарламамен, түрлі мәдени және ойын-сауық іс-шараларымен ерекшеленбек. Ұлттық мейрамды жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігі барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025