Әлем • 04 Наурыз, 2025

АҚШ Украинаға әскери көмекті тоқтатты

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Украина президенті АҚШ үкіметінен кешірім сұрамайынша, әскери қолдау көрсетпейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Украинаға әскери көмекті тоқтатты

Фото: Chip Somodevilla

Бұл ғана емес, шектеу әуе, жер, теңіз арқылы тасымалданатын жүктердің бәріне қатысты. Украинаға жөнелтілуге дайын тұрған жүктер де кері қайтарылмақ.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио CNN ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында В.Зеленскийдің ынтымаққа ықылассыздығын атап өтті.

«Ақүйге алшаңдап кіріп, ақырып сөйлегені жарамады. Бәлкім Зеленский атысты тоқтату қажет деп  санамайтын да сияқты. Ол «соғысты тоқтатқым келеді, бірақ қолымнан келмейді», дейді. Бірақ бұл олай емес. Кездесуіміздің нәтижесіз аяқталғаны үшін ол бізден ресми түрде кешірім сұрау керек деп есептеймін», деді М. Рубио.

Блумберг ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ тасымалдауды тоқтататыны тараптар пайдалы қазбаларды игеру туралы келіссөзге келе алмағаннан кейін белгілі болған.