
«Бұл көрменің мақсаты – өнімдердің сапасын көрсету ғана емес, сондай-ақ аудандағы кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының еңбегін бағалап, олардың ауыл шаруашылығы саласына қосқан сүбелі үлесін насихаттау. Көрме аясында жергілікті шаруалардың табиғи әрі экологиялық таза өнімдері мен ұлттық тағамдардың таңдайда бал татитын сан алуан түрімен танысады», дейді ұйымдастырушылар.
Көрме қонақтары ауылдың нағыз дәмін татып қана қоймай, дала төсін дүбірге бөлейтін техникалардың да сан түрімен танысты. Көптің көзайымына айналған көрмеде ұлттық тағамдар мен дәстүрлі өнімдердің кеңінен ұсынылуы қазақ халқы мен бауырлас ұлт өкілдерінің бай мәдениетін және асханасын дәріптей отырып, халықтық өнерге қанығуына мол мүмкіндік берді. Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, болашақта ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.
Алматы облысы