Көрме • 28 Ақпан, 2025

Батырларға құрмет

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік орта­лық музейде «Жеңіс тарихы: әр ­­су­рет – бір тағдыр» атты көрме ашылды. Тағылымды іс-шара Мәдениет және ақпа­рат министрлігі Мәдениет комитетінің Жеңіс­тің ­80 жыл­дығына арналған «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акциясы ­аясында ұйымдастырылды.

Батырларға құрмет

Көрмеге майдангерлердің фотоқұжаттары, марапаттары мен жеке заттары қо­йылған. Оның ішінде атқыш-ұшқыш, кіші сержант Бақтыораз Бейсек­баев­тың ­марапаттары, Брест қамалының қа­бырғасынан алынған кірпіш фраг­менті, Т.Бигелдинов, С.Луганский, М.Ғабдуллин, С.Нұрмағамбетов, А.Ху­саинов, Т.Қаумбаев секіл­ді даңқты жа­уынгерлердің жеке мұрағаттарынан алынған фотоқұжаттар бірден назар ­аудартады.

Көрнекі бейнелер мен жеке оқиғалар арқылы соғыс қаһармандарын ұрпақ жадында әлдилеген көрме сұрапыл жыл­дардың сұсты картинасын көз алдыңа әкеледі. Әрбір фотосурет Жеңіске үлес қосқан жеке адамның, мейлі ол сарбаз, тыл еңбеккері немесе лагерь тұтқыны болсын, өзіндік бір жеке тағдырын ашады. Көрменің тақы­рыбы әр суреттің артында нақты өмір, сынақтар мен ерліктер жатқанын айшықтап, өткен мен бүгіннің арасын­дағы байланысты көрсетеді.

Көрмені ашқан Мемле­кеттік Орта­лық музей дирек­торының орынбасары Сержан Бараханұлы «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспублика­лық музейлік акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар алдағы күндері де өз жалға­сын табатынын жеткізді. Сондай-ақ іс-шара барысында көрме қонақтары журналист, тарих­шы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің профессоры Ләйла Ахметова, МОМ архивінің директоры Сәбит Шілдебаев, сонымен  бірге ҰОС ардагерлерінің ұрпақтары сөз сөйлеп, қан майданда ерлік көрсеткен батырлардың ерен ерлігі ұрпақ санасында мәңгі жаң­ғыратынын атап өтті. 

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15