Оқиға • 27 Ақпан, 2025

Ақтөбеде балаларына алимент төлемеген әке сотталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр және биыл алимент төлемеу фактілері бойынша облыс прокуратурасы 37 сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысын бастады. Оның ішінде 7 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды, 10 қылмыстық іс қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды, 20 іс өндірісте, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде балаларына алимент төлемеген әке сотталды

Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, қазірдің өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді.

Мысалы, борышкерлердің бірі алимент бойынша 2,5 млн теңгеден астам қарызы бола тұра, екі жыл бойы төлеуден жалтарған.

«Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысы бір ай ішінде аяқталып, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді. Сот үкімімен борышкерге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Қазіргі таңда 2,5 млн теңге қарыздың 1 млн теңгесі өтелді. Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда», делінген прокуратура хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35