Айбын • 26 Ақпан, 2025

Майдан естеліктеріне арналған көрме ашылды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Жеңіс тарихы: әр сурет бір тағдыр» атты көрме ашылды. Тағылымды шара Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

Майдан естеліктеріне арналған көрме ашылды

Көрмеге майдангерлердің фотоқұжаттары, марапаттары мен жеке заттары қойылған. Оның ішінде атқыш-ұшқыш, кіші сержант Бахтураз Бейсекбаевтың марапаттары, Брест қамалының қабырғасынан алынған кірпіш фрагменті, Т.Бигелдинов, С.Луганский, М.Ғабдуллин, С.Нұрмағамбетов, А.Хусаинов, Т.Қаумбаев секілді даңқты жауынгерлердің жеке мұрағаттарынан алынған фотоқұжаттар бірден назар аудартады.

А.Октябрьов

Көрнекі бейнелер мен жеке оқиғалар арқылы соғыс қаһармандарын ұрпақ жадында әлдилеген көрме сұрапыл жылдардың сұсты картинасын көз алдыңа әкеледі. Әрбір фотосурет жеңіске үлес қосқан жеке адамның, мейлі ол сарбаз, тыл еңбеккері немесе лагерь тұтқыны болсын, өзіндік бір жеке тағдырын ашады. Көрменің тақырыбы әр суреттің артында нақты өмір, сынақтар мен ерліктер жатқанын айшықтап, өткен мен бүгіннің арасындағы байланысты көрсетеді.

А.Октябрьов

Көрмені ашқан Мемлекеттік Орталық музейі директорының орынбасары Сержан Бараханұлы «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар алдағы күндері де өз жалғасын табатынын жеткізді. Сондай-ақ шара барысында көрме қонақтары журналист, тарихшы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің профессоры Ләйла Ахметова, ҚР МОМ архивінің директоры Сәбит Шілдебаев, сонымен  бірге ҰОС ардагерлерінің ұрпақтары сөз сөйлеп, қан майданда ерлік көрсеткен батырлардың ерен ерлігі ұрпақ санасында мәңгі жаңғыратынын атап өтті. 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15