Спорт • 25 Ақпан, 2025

Ерекше балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иппотерапия орталығы Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан. Бұл орталықтың ашылуы – мүгедектігі бар балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, психологиялық тұрғыда қолдауға және әлеуметтік тұрғыдан белсенді болуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерекше балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды

«Біз осы орталықты ашу арқылы мүгедектігі бар балаларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың қоғамға бейімделуіне көмектесуді мақсат етіп отырмыз. Иппотерапия балалардың физикалық және эмоционалдық тұрғыда дамуына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, бұл балалардың өз-өздеріне деген сенімін арттырып, олардың өмір сүру сапасын жақсартады», деді ашылу салтанатында сөз алған Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова.

Орталықта жоғары білікті мамандар мен аттарды тәрбиелеу бойынша арнайы мамандар жұмыс істейтін болады. Мұнда балалар  денсаулықтарын қалпына келтіру үшін тек атпен серуендеп қана қоймай, өздеріне деген сенімділік, сабырлылық және эмоциялық тұрақтылық дағдыларын да игереді.

«Иппотерапия орталығының ашылуы – мүгедектігі бар балалар үшін қоғамда тең мүмкіндіктер жасаудың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан олардың отбасылары үшін де үлкен қуаныш. Орталыққа келген балалар сауығып, бақытты балалық шаққа бөленсін», деген Талғар ауданы әкімінің кеңесшісі, І топтағы мүгедектігі бар Марат Жапаров орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа ашылған орталық – балалардың өмірін жақсартуға және олардың қоғамға бейімделуіне үлкен ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15