Оқиға • 25 Ақпан, 2025

Алматыда адвокат сотталды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев пен Г. Сәкенова сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда адвокат сотталды

Фото: Жоғарғы Сот

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушылар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын арандатқаны үшін кінәлі деп танылған.

«Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады», делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше