Аймақтар • 22 Ақпан, 2025

Зауыт құрылысы қарқынды

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласында салынып жатқан сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыт құрылысы – мұнай өндірісінің бұған дейінгі қиындықтарын жеңілдету, кәсіпшілікке қажетті құрал-жабдықтарды мүмкіндікке қарай өңірдің өзінде дайындау мақсатындағы жобалардың бірі.

Зауыт құрылысы қарқынды

Зауыт іске қосылғанда қала­дағы өндіріске қажетті жаб­дықтарды жергілікті жерде өндіру тиімділігін арттыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар Жаңаөзенде жұмыссыздық мәселесін шешуге де елеулі әсерін тигізеді. Аумағы 12 гек­тарды құрайтын аталған жоба­ның іргетасы өткен жылы өңір басшысының бастамасымен мұнайлы қаладағы №1 өн­діріс­тік аймақта қаланған еді. Құрылысты жүргізуді мұнай-газ саласы мен химиялық өндіріс үшін қажетті жабдықтарды шығаратын өңірдегі жетекші машина жасау компанияларының бірі ретінде танымал «Қаскор Инжиниринг» ЖШС қолға алған.

Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай биыл көктем айларында ашылады деп межеленген зауыт аумағына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Құрылыс аумағында бақылап-өткізу пункті, жатақхана мен асхана құрылыстары пайдалануға дайын, ал негізгі құрылыс алаңында қазіргі таңда металл конструкцияларды монтаждау 75%-ға аяқталған.

Учаске бастығы Жеңіс Тұқаевтың айтуынша, нысанның шатыры мен қасбеті жабылып, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қазандық пен қосалқы стансаның құрылысы да бекітілген кес­теден кешіккен жоқ.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңы­на 126 адам жұмылдырылған, олар­дың басым бөлігі Жаңаөзен қала­сының тұрғындары. Құрылыс учас­­кесі басшыларының айтуынша, жаб­дық­тарды орнату 20 ақпанда басталып, наурыз айының соңына дейін ғимараттың контуры толығымен жабылады.

Сапар барысында аймақ басшысы сорғы-ком­п­рес­сорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шы­ға­­­ратын зауыт құрылысының жұмыстарына қа­тыс­­ты қажетті барлық шараларды қабылдап, бел­гі­­ленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Соны­­мен бірге шаруа қожалығы иелерімен кездесіп, ауыл ша­руашылығы саласындағы және жалпы елдік мә­селелерге де назар аударып, көзқарасын жеткізді.

 

Маңғыстау облысы