Ақтөбе қаласы жыл өткен сайын көркейіп, көріктеніп келеді. Қала қанатын кеңге жайып, жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Шаһардың шағын аудандарына үш-төрт ай атбасын тіремесең ірі құрылыстар алдыңнан шыға келеді десек артық айтқандық болмас. Бұған мемлекеттік қолдаулар да серпін беруде. Үстіміздегі жылы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында, «Заречный-3», Кірпішті, Қарғалы елді мекендерінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен білім беру нысандарының құрылысын салу көзделуде. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 3 979,3 миллион теңге бөлінген.
– Ұлттық қордан бөлінген 1 150 миллион теңгеге 3 жаңа білім беру нысаны салынады. «Заречный-3» елді мекенінде 600 орындық және Кірпішті ауылында 320 орындық мектептің, сондай-ақ, Қарғалы елді мекенінде 320 орындық балабақшаның құрылысы басталады. Қазіргі таңда «Заречный-3», Кірпішті, Қарғалы елді мекендерінде салынатын жаңа білім беру нысандарының құрылысына қатысты құжаттар дайындалып, құрылыс-құрастыру жұмыстарына дайындық жасалуда. Ал «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектеп пен 320 орындық балабақшаның құрылысы жалғасуда. Жыл аяғына дейін екі нысан да пайдалануға беріледі, – дейді Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі Геннадий Дудаков.
Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында Ұлттық қордан бөлінетін 2 500,0 миллион теңгеге «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 3 несиелік тұрғын үйдің құрылысы басталады деп күтілуде. Бұл үйлердің құрылысын мердігер ұйым – «Ақтөбе-Сәулет» ЖШС жүргізеді. Серіктестік директоры Арнұр Ақмәди «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №20 үйдің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатынын айтады. Қазірдің өзінде бұл үйдің ішкі жұмыстарының 60 пайызы атқарылған көрінеді. Жылу жүйесі, газ, су құбырлары орнатылып, едендерін төсеу жұмыстары жасалынып жатыр. Құрылысқа негізінен жергілікті материалдар ғана қолданылуда. Мұнда 560 адам жұмыс істейді.
Сондай-ақ «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында несиелік бағыт бойынша 3 көпқабатты тұрғын үй салу қаралған. Бұл үйлер «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» акционерлік қоғамы арқылы пайдалануға берілген кезде 540 отбасы баспаналы болмақ. Сондай-ақ, осы шағын ауданда Ұлттық қордан бөлінетін 2500,0 миллион теңгеге салынатын 3 несиелік тұрғын үй «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 234 жас отбасыға және 207 жергілікті атқару органдарының кезекте тұрған азаматтарына жалға беріледі. Яғни биыл және келер жылы 981 ақтөбелік баспаналы болады деп күтілуде. Ал жеке тұрғын үй салу да жалғасын табуда. Бір сөзбен айтқанда, өңірде тұрғын үй құрылысы қыза түскен деуге әбден болады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17