
Қаладағы Н.Жантөрин атындағы театрда «Көрұғлы» спектаклінің премьерасы өтті.
Рахмет жырау Мәзхожаевтың «Көрұғлы» дастаны бойынша Гаухар Адай сахналаған қойылым ақпан айының соңғы күндерінен бастап көпшілік көрерменге ұсынылады.
«Көрұғлы» – түркі халықтарының ежелгі аңыздарынан туған, мистикалық тереңдікке толы қойылым. Көрұғлы – Құдайдың қалауымен жер бетіне жіберілген таңғажайып тұлға. оның қасиетті міндеті – түркітілдес халықтарды Шағдат ханның қараңғы құлдығынан азат етіп, азаттықта өмір сүру үшін жолын ашу. Қазақстанда тұңғыш рет сахналанған Түркі халықтарының ежелгі аңызына негізделген бұл қойылым көрерменді әділдік пен еркіндік жолындағы ұлы күрестің мистикалық әлеміне жетелеп, өнерсүйер қауымның қошеметіне ие болды.
Ақтау қаласының түркі елдерінің мәдени астанасы атануы – әрі мақтаныш, әрі жауапкершілік. Осыған орай қойылған «Көрұғлы» спектаклі – мәдени астана мәртебесіне сай маңғыстаулықтар тұсауын кескен алғашқы іс-шара.
Маңғыстау облысы