«Мұса» шаруа қожалығының жетекшісі Тілеген Мусин құм ішінде әйгілі герефорд тұқымды ірі қараны өсірумен айналысады. Оның қызметінің басты феномені – АҚШ-тан жеткізілген бітімі, оты мен суы бөлек текті малды Нарын құмына жерсіндіре білуінде.
Соның нәтижесінде герефорд құмның жайылымын жатсынбай қоң жинай түсуде. Мұндағы басты қиындық – су. Құм ішінде өзен, көл бола бермейді.
Сондықтан Т.Мусин құдық қаздырып, су шығару үшін энергия өндіретін күн мен жел қалақшаларын орнатты. Оның әрқайсысы тәулігіне ең төменгі есеппен 1,5 кВт қуат өндіреді. Жинақталып келгенде – 9 кВт. Бір отбасының орташа есеппен 3-5 кВт тұтынатынын ескерсек, бұл – жеткілікті мөлшер. Қажеттілікке қарай 10-12 кВт қуат өндіруге болады. Тақтайша қалақтардың пайдалану мерзімі 25 жыл. «Жөндеп, майлап әуре болмайсың. Тек анда-санда шаңын сүртсең болғаны», дейді Т.Мусин.
Сондай-ақ, шаруа қожалығының жетекшісі «Маглев» жүйесіндегі жел генераторы сағатына 100 Вт қуат беретінін айтты. Бұл түнгі мезгілде аккумуляторды қоректендіру үшін орнатылған. Тілегеннің өнертапқыштық ой-пікірінен түйгеніміз, біз Күн қуатына бай екенбіз. Түннің қысқалығы сонша, таңғы рауан себезгілеп түскенше аккумулятордағы жинақталған тоқ сарқылып үлгермейді. Күн тақтайшалары бұлтты күні де қуат өндіреді. Тек бұл ғажайып қондырғы күн күркіреп, найзағай жарқылдаған жағдайда ғана қуат бермейтін көрінеді. Оны өндіргенімен, жұмыс жасап тұрған кезде жай түсіп кету жағдайы аса жоғары екен.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.
• 19 Маусым, 2015
Құмдағы қуат көзі бұлтты күні де энергия өндіреді

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48