Аймақтар • 12 Ақпан, 2025

Қызылордалық полицей әлемдік дода жеңімпазы атанды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысынан жеңіспен оралған әріптестері Лаура Төлекованы салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордалық полицей әлемдік дода жеңімпазы атанды

Осы жылдың 1-5 ақпаны аралығында Дубай қаласында арнайы күштердің 6-шы халықаралық турнирі өткен болатын. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция капитаны Лаура Төлекова Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністерінің әйел қызметкерлерінен құралған «Томирис» командасының құрамында үздік өнер көрсетті,

SWAT Challenge халықаралық жарысында 100-ден астам елдің күштік құрылымдары арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынасқан. Биыл алғаш рет бұл жарыста ерлермен қатар қатысқан әйелдер қиын тапсырмаларды орындап шықты.

Жарыстың үшінші күнінің қорытындысы бойынша 50-ден аса команданы басып озған «Томирис» командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен терезесі тең өнер көрсетті. Полицей қыздардың әбжіл қимылы арқасында әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50