Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-інде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ, елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы баяндалды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Орынбор көшесін, жаңа теміржол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы және «Нұрлы жол» бульварының екінші кезегінің жобасы туралы айтылды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа елордада құрылысы жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды.
БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы елорданың құрылысы іс жүзінде 10 жыл ішінде жүзеге асқанын атап өтті.
– Қалаға қажеттінің бәрі 2008 жылға дейін салынды, одан кейінгі кезеңде Астананың дамуы жеке инвесторлардың қатысуымен жалғасты. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы ең көп инвестиция елордаға тиесілі. Астананың ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде елорда барша қазақстандықтардың мақтанышы саналады, қонақтарын тәнті етеді. Халқының саны 900 мың адамға жетті, бұрын мұны болжаудың өзі қиын болатын. Қала еліміздің шын мәніндегі әкімшілік, мәдени, іскерлік, білім және медицина орталығына айналды, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу және абаттандыру жұмыстары жалғастырылатынын айтты.
– Қандай кемшіліктер бар екенін, соның ішінде көліктер тұрағына қатысты мәселе туралы да білеміз, оның бәрі міндетті түрде шешіледі. Таяудағы мол жауын сусорғы кәріздеріне қатысты түйткілдердің бар екенін көрсетті. Онымен де жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептер салу мәселесіне де назар аудару керек. Қаланың әрі қарай даму келешегі ЭКСПО-2017 аумағы мен оның айналасындағы көшелер құрылысын, Сулы-жасыл желекті бульварды абаттандыру, жаңа саябақтар, соның ішінде 100 гектар аумақта Ботаникалық бақ салу жоспарын қамтиды. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің тура орталығында мүлде жаңа мегаполистің қалыптасуына негіз қалайды, ол барша қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады, – деді Мемлекет басшысы.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48