Бұрнағы күні Астана қаласынан кезекті рейсін жасап, Ақтау топырағына табан тіреген «SCAT» әуе компаниясының «Боинг» ұшағында өрт шықты.
Астанадан кестеге сай ұшып, кестеге сай Ақтау әуежайына қонған ұшақтан ешқандай техникалық ақаулар байқалмаған. Абырой болғанда, салоннан өрт шыққан сәтте ұшақ бортындағы жолаушылар жерге түсіп болған екен. Деректер өрт аталмыш ұшақты кезекті «Минеральные воды» бағытында сапарға шығару үшін дайындап, техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп жатқанда тұтанғандығын айтады. Сонымен қатар, Ақтау халықаралық әуежайы өрт сөндірушілері дер кезінде сөндірген өрт ұшақ бортында оттегі баллоны жарылу себебінен пайда болды деген болжам айтылуда.
– Жолаушылар ұшақтан кестеге сай түсірілген соң, онда техникалық қызмет көрсету жұмыстары басталды. Осы кезде салонда өрт тұтанды. Авиакомпания оның себебін анықтайтын болады, – дейді компанияның жұртшылықпен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Ульянова.
Қазіргі таңда оқиға орнында арнаулы авиациялық комитет жұмыс жасауда, сондай-ақ, «SCAT» әуе компаниясының ұшағының өртке орануы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.
Ғаламтор деректерінде Әуе көлігі халықаралық қауымдастығы (ИАТА) «SCAT» әуе компаниясының қызметін әлемдегі ең қауіпті әуе тасымалдаушылар ондығына енгізгендігі айтылуда. Соңғы үш жыл ішінде аталмыш мекеменің ұшақтарына қатысты сегіз оқиға тіркелген.
Ақтау халықаралық әуежайында орын алған оқиға елдің үрейін ұшырғанмен, ең бастысы, адамдардың амандығы деп ұшақтың жерге қонған соң өртеніп, бортындағы жолаушылардың дін аман қалғанына шүкіршілік етуде.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48