Өндіріс • 05 Ақпан, 2025

Депутаттар уран өндірісін дамытатын заң жобасын әзірледі

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының геологиялық барлауға инвесторларды кеңінен тарту арқылы мұнай-газ секторында ресурстық базаны нығайтуға және уран өндірісінде терең өңдеуге байланысты тапсырмаларын іске асыру мақсатында Парламент депутаттары жаңа заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттар уран өндірісін дамытатын заң жобасын әзірледі

Фото: ашық дереккөз

Заң жобасының негізгі новеллалары төмендегідей:

Аз зерттелген учаскелерде жер қойнауын геологиялық зерттеу сатысынан кейін көмірсутектер бойынша барлау кезеңіне басым құқық беру;

Көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниялар үшін жер қойнауы учаскелерін басым резервтеу құқығына уақытша шектеу белгілеу;

Өндіру кезеңін ұзарту кезінде инвесторға уранды конверсиялау және байыту бойынша технологияларды оқшаулау немесе беру жөніндегі міндеттемелерді бекіту.

Сонымен қатар, депутаттар уранның барлық перспективалы учаскелері көлемінде барлаудың басым құқығын уран саласындағы ұлттық компанияға беру керектігін ескертті. Осы арқылы қазба байлықтың халық пен мемелекет мүддесіне жұмсалу маңыздылығын атап өтті.

Заң жобасын Парламент депутаттары Еділ Жаңбыршин, Бақтықожа Ізмұхамедов, Самат Мұсабаев, Сүйіндік Алдашев, Абзал Құспан, Темір Қырықбаев әзірледі.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15