Әлем • 31 Қаңтар, 2025

Meta Дональд Трампқа 25 млн доллар айыппұл төлейді

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Meta компаниясы АҚШ президенті Дональд Трампқа оның 2021 жылы Instagram мен Facebook аккаунттарын бұғаттағаны үшін 25 миллион доллар төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Meta Дональд Трампқа 25 млн доллар айыппұл төлейді

Фото: afp.com

Себебі Ақ үй басшысы компания үстінен шағым түсірген.

NBC News телеарнасының мәліметіне сәйкес айыппұлдан түсетін 22 миллион доллар президент кітапханасының құрылысын қолдауға арналған қорға аударылмақ. Бірақ Meta кінәсін жариялы түрде мойындамады.

Естеріңізге сала кетейік, корпорация осыдан 4 жыл бұрын Трамптың жақтастары Капитолийге шабуыл жасағаннан кейін саясаткердің жазбалары зорлық-зомбылыққа шақырды деген желеумен оның есептік жазбасын жауып тастаған болатын. Қазіргі президенттің аккаунттары 2 жылдан кейін ғана ашылған еді.


Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше