Кино • 28 Қаңтар, 2025

«Қазақ» киносы таныстырылды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа деректі фильм қазақ халқының басына түскен нәубет жылдары Маңғыстаудан Иранға жер ауып, Германияға тұрақтаған қаракөз қандастардың тағдырын баяндайды.

«Қазақ» киносы таныстырылды

Фильм 2024 жылы Германияның Мюнхен, Нюрн­берг, Дюссельдорф қала­ла­рында, Аустрияның Зальц­бург, Түркияның Ыстан­бұл, Салихлы және Қа­зақстанның Алматы, Ас­тана, Ақтау қалаларында түсі­рілген. Басты рөлді Мюн­хендегі «Қазақ қоғамының» дамуына зор үлес қосқан, Еуропадағы қа­зақ қауымдастығының негізін қалаушы Сүлеймен Шадқам сомдайды.

Премьераға фильм режиссері Қарлыға Ха­сен, продюсері Танакөз Тол­қынқызы, басты кейіпкері Сүлей­мен Шадқам және Ақ­тау қаласының тұр­ғындары қатысты. Де­ректі фильм демеу­шілер қаражатына түсірілген.

ап

«Биыл, яғни 2025 жыл, Ақтау қаласы Түркі әле­мінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болды. Осы маңызды оқиға ая­сында «Қазақ» жаңа де­рек­ті фильмінің тұ­сауы ке­сілді. Қаракөз қандас­тардың тағдырынан сыр шертетін фильмнің жа­рыққа шығуына үлес қос­қан барша азаматқа және авторларға алғысым­ды айтамын», деді Ақтау қала­сының әкімі Әбіл­қайыр Байпақов.

Фильм неміс, ағыл­шын, француз тілдеріне аударылған. Алғашқы тұ­сау­кесер рә­сімі 2024 жылдың 6-8 қараша айында Сыртқы істер министр­лігінің қол­дауымен Гер­ма­нияның Мюнхен қа­ласында және Франция аста­насы Па­рижде өтті.

Жаңа туындының Еуро­падағы тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның Мюнхен қаласындағы бас консулы Денис Рогов, Қазақстанның Фран­ция­дағы елшісінің кеңес­шісі Нұр­жан Рахмет, халық әртісі Айгүл Үл­кен­­баева және фильмді тү­сі­рушілер мен кейіп­керлер қатысты.

 

Маңғыстау облысы