Тағайындау • 27 Қаңтар, 2025

Алматы облысы ТЖД басшысы тағайындалды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы болып Дәурен Оразбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы ТЖД басшысы тағайындалды

Фото: Алматы облысының әкімдігі

ТЖМ вице-министрі Серік Төленбергенов Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына жаңадан тағайындалған басшыны таныстырды. Ол департамент бастығының міндетін уақытша  атқарады.

Дәурен Оразбеков 2004 жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын ІІМ құрылымдарында бастап, кейін ТЖМ-де жалғастырып, түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.

Осыған дейін ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының бастығы лауазымында болған.