Экономика • 25 Қаңтар, 2025

Доллар, еуро мен рубль қаншадан саудаланып жатыр

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 – 522 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Доллар, еуро мен рубль қаншадан саудаланып жатыр

Ұлттық банктің 25 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 517,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 543,11.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 522 теңге. Еуро 542 – 547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 518 теңге, сатып алу құны – 522,6 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 - 5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 24 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,38 теңгеге төмендеп, 517,81 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20