Ең қысқа әңгіме • 22 Қаңтар, 2025

Кінә

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ол өзінің бүгінгі тіршілігіне көңіл толмаушылығын білдірді: «Егер мектептегі мұғалімдерім жақсы болғанда мен өстіп қолыма күрек ұстап қара жұмыс істеп жүрер ме едім... Түк үйретпеді, бәрі шетінен дым білмейтін. Солардың кесірінен міне жүрісіміз осы».

Кінә

Таныс-бейтаныс бұл кісінің мен білетін өте білімді, жауапты қызметтер атқарған, ғылымға да қол созған түйдей құрдасы, бір мектепте он бір жыл қатар оқыған сыныптасы бар. Сол кісі бірде ағынан жарыла отырып былай деп еді: «Бүгінгі жеткен барлық жетістігім әуелі Құдайдың, сосын ата-анам мен мектептегі мұғалімдерімнің арқасы. Басқасын айтпағанда, мұғалімдеріміз шетінен өте мықты болды. Олар білім алуға деген құштарлығымызды оятып, өмірде тек алға ұмтылуымызға үндеді».

Бір мектеп, бір сынып, ортақ мұғалімдер... Туасы, бәрі әркімнің өз санасына, қажетті дүниені қабылдау қабілетіне қатысты-ау деймін. Дегенмен, әркім тағдыр-талайына, пешенесіне жазылғанын көреді ғой.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан таланттары

Айбын • Бүгін, 08:55

Майдангер марапатталды

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:53

Мәдени оқиғалар шеруі

Мәдениет • Бүгін, 08:50

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30