Лондонда Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменовтің қатысуымен ЕАЭО-ның даму болашағына арналған екі күндік брифинг өтті. Корольдіктің Қорғаныс және қауіпсіздік институтында өткен шараға дипломатиялық миссиялар басшылары, Біріккен Корольдік мемлекеттік органдарының өкілдері, британдық жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының және жоғары оқу орындарының сарапшылары қатысты.
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов іс-шараны ашып, брифингке қатысушыларды Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің даму барысымен таныстырып өтті. Е.Қазыханов Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясын 1994 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғаны, ал ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылы Астанада қол қойылғаны атап көрсетілді.
Өз сөзінде Т.Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының қағидаттары мен келешегі, ЕАЭО-ның құрылымы мен механизмдері, сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия сияқты институттық органдардың қызметі туралы баяндады.
Министр қатысушылардың назарын ЕАЭО туралы шартта экономикалық ынтымақтастық жөніндегі басты мәселелер бойынша шешімдердің консенсус негізінде қабылданатындығы мен ұйымның әр мүшесіне арналған вето құқығы қарастырылғандығына аударды.
Брифинг барысында ЕАЭО-ның экономикалық және инвестициялық әлеуеті жоғары екендігі, әркімге де ашық бірлестік болып табылатыны, сондай-ақ, құрамында 180 миллионнан астам халқы бар әлемдегі аса ірі тұтыну нарығының бірі екені атап өтілді.
Келесі күні Т.Сүлейменов Лондон Ситидің британдық және халықаралық компанияларына арналған ЕАЭО жөнінде ұқсас таныстырылым өткізді. Сонымен қатар, Т.Сүлейменов өзінің Лондонға сапары аясында Еуропа Қайта құру және даму банкінің саясат және серіктестік жөніндегі вице-президенті Филипп Ле Уерумен кездесті.
Еуразиялық экономикалық одақ – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес құрылған халықаралық экономикалық ұйым. ЕАЭО аясында тауарлардың, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалу еркіндігі, сондай-ақ, экономика салаларындағы үйлесімді, келісілген және бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі. ЕАЭО-ның мүшелері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы (қазір соңғысының ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартты ратификациялау үдерісі жүріп жатыр) және Ресей Федерациясы болып табылады.
«Егемен-ақпарат».

Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13