Технология • 20 Қаңтар, 2025

Әлемдік рейтингте интернет жылдамдығынан нешінші орында тұрмыз

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Speedtest Global Index қызметі 2024 жылдың желтоқсан айының қорытындысын шығарып, интернет желісі ең жылдам елдер мен қалалардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлемдік рейтингте интернет жылдамдығынан нешінші орында тұрмыз

фото: ЖИ көмегімен жасалды

Жаңа зерттеуде ғалымдар 154 елдің 200-ге жуық қаласында мобильді интернет пен кең жолақты қолжетімділіктің орташа жылдамдығын талдады. Speedtest Global Index бағалауының негізгі критерийлері – мобильді және кең жолақты желілер үшін жүктеу жылдамдығы. 

Жаһандық қызметтің мәліметі бойынша, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде бір сатыға көтерілді. Біздің еліміз секундына 53,76  мб/с жүктеп алу жылдамдығымен 57-орында.

Қазақстан тұрақты кең жолақты интернет жылдамдығы рейтингі бойынша әлемдік рейтингте 88-орынға орналасты (секундына 73,67 мб/с).

Мобильді интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы мемлекеттер:

  • Біріккен Араб Әмірліктері – секундына 453,87 мегабит;
  • Қатар – секундына 383,5 мегабит;
  • Кувейт – секундына 257,3 мегабит.

Ең төменгі көрсеткіш тағы да Ауғанстанда тіркелді, онда жүктеу жылдамдығы секундына 8,2 мб/с болды.