Алматы • 18 Қаңтар, 2025

Алматыда ер адам мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда полиция көше қарақшысын ұстады. Ол таңғы уақытта мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда ер адам мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған

Күдікті оқушыны күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған. Жасөспірімнің анасы полицияға болған оқиға туралы хабарлады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол – Жамбыл облысынан келген 20 жастағы адам.

- Айғақ зат тәркіленді. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Ұсталған адам қамауға алынды, – деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35