Осы аптада оңтүстік астанада да «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқау барысында үш отбасы жеңімпаз атанды. Олар – ҰОС ардагерлері Калининдердің отбасы мен Дудаевтардың медициналық әулеті және көпбалалы Қадыровтар.
Үлгілі отбасыларды марапаттау салтанатына Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің өзі келіп, қызықты шараға қоғамдық ұйымдардың, отбасыларды әлеуметтік қолдау бірлестіктері мен дағдарыстар орталықтарының өкілдері қатысты.
Мегаполис басшысы мемлекеттің мүддесімен қолға алынған осынау байқаудың мәні жайлы сөз қозғады. Әкім әрбір жанның өз шаңырағында адамгершілік қасиеттерді ұстанып, неке өміршеңдігін үлгі етуі, дәстүрлерді сыйлауы – жалпы отбасының мәртебесін арттыруда барынша маңызды әрі көкейкесті екендігін атап өтті.
«Осынау отбасылық фестивальдің маңызы өте зор. Биыл былтырғы байқауға қарағанда екі есе көп отбасылар қатысты. Жарысқа қатысып отырған отбасылардың барлығы түрлі кәсіптің, этностың және еңбегімен абыройға бөленген әулеттің өкілдері», – деді Ахметжан Есімов.
Мемлекет отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуде. Нәресте өмірге келген кезде бір реттік жәрдем ақша және бала бір жасқа толғанша әлеуметтік жәрдем көрсетіледі әрі көпбалалы аналар да жәрдем ақша алады. «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарлама аясында Алматыда 800-ден астам көпбалалы және жас отбасы өзге де әлеуметтік жағынан қорғалатын тұрғындармен бірге пәтер кілттерін алды.
Қала басшысы жеңімпаз отбасыларына жүлделерін тапсыру барысында Алматыдағы отбасылық-демографиялық жағдайдың оң динамикасын атап өтті. Мысалы, соңғы 5 жыл ішінде мегаполис тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 4 жылға артып, 74,6 жасты құраған (ерлер – 70,2, әйелдер – 78,3).
Дүние есігін ашып жатқан сәбилердің өсу динамикасы да тұрақты. Мысалы, өткен жылы Алматыда 42 мың нәресте дүниеге келген, бұл – еліміздің әрбір тоғызыншы баласы. Ана өлімі 6 есе, ал сәби өлімі 2 есе төмендеген.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48