Есірткі • 16 Қаңтар, 2025

Таиландтан есірткіге тапсырыс берген ер адам 16 жылға сотталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Сот үкімімен айыпталушы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Таиландтан есірткіге тапсырыс берген ер адам 16 жылға сотталды

Айта кетейік, Алматы облысы Іле ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі түскен.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті «Telegram» мессенджері арқылы Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені анықталды.

Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 ыдыстың ішінде есірткі заттары анықталған.

«Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды. Жалпы, биылдан бастап ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді. Сонымен қатар 77,1 кг есірткі құралдары, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 «Тропикамид» көз тамшылары тәркіленді», делінген ҚМА хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35