Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшелерінің қатысуымен онлайн режімінде Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда квазимемлекеттік сектордағы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып отырған шаралар, сонымен қатар, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өңірлік жоспарларды іске асыру барысы талқыланды. Және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктің тиімді болуы еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі бойынша мемлекеттің стратегиялық тапсырмасын, бес институттық реформаны орындауға бағытталған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асырудың бірден-бір шарты болып табылатындығы айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басым бағыттардың бірі болып белгіленгендігін атай отырып, Мемлекеттік хатшы қолданыстағы ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер осы сектордың есептілігін, бағыныстылығын және шешім қабылдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуі қажеттігіне тоқталды. Оның айтуы бойынша, бұл кездейсоқ емес, себебі, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алулар көлемі бюджеттік құрылымдардың сатып алулар көлемінен асып түседі. Сонымен қатар, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саласында сыбайлас жемқорлық тудыратын тауашаларды жою да маңызды бағыттардың бірі, деді Гүлшара Әбдіқалықова. Ол атап өткендей, бірлескен күш-жігермен осы жердегі көкейкесті проблемаларды шешу, мүдделі органдар мен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің, соның ішінде тарифті белгілеу мәселелерінің ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің жұмыс қорытындыларын қарау барысында жергілікті атқарушы органдардың назары бюджет қаражатын жұмсауды бақылау бойынша пәрменді шаралар қабылдауға, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық пішімін мейлінше кеңінен қолдануға және азаматтық сектордың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға аударылды. Сондай-ақ, отырыс барысында Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің және де басқа лауазым иелерінің баяндамалары тыңдалып, жиын қорытындысы бойынша комиссия мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді жетілдіруге байланысты ұсынымдар әзірледі. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».
Саясат • 18 Маусым, 2015
Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары талқыланды
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13