Елорда • 16 Қаңтар, 2025

Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 18-19 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.