Астанада еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға ресми сапармен келген Катардың сыртқы саясат ведомствосының басшысы доктор Халед бен Мұхаммед әл-Атыямен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Тараптар саяси үнқатысуды одан әрі тереңдету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады.
Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл Танидың 2014 жылы Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарға, сондай-ақ, Қазақстан-Катар бірлескен инвестициялық қорын құру мен мемлекеттер арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Катар министрі сапарының маңызды мақсаттарының бірі Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Катарға үстіміздегі жылдың қазан айында жауап сапарының сапалы даярлығы екенін атап өтті.
«Біз шейх Тамим бен Хамад әл Танидың сапары барысында жариялаған Астана қаласында мектеп салу жобасын қаржыландыру ниеті үшін алғысымызды білдіреміз. Берілген жоба аясында Астана әкімдігі мен Катар даму қоры арасында нақтылы жұмыстар атқарыла бастады», – деп атап өтті Е. Ыдырысов.
Катар Әмірі сапарының қорытындысы бойынша, сонымен бірге, Семей қаласында ядролық полигон сынақтарынан зардап шеккендерге арналған оңалту орталығының құрылысына Катар тарапының қатысуы туралы шешімге қол жеткізілді және қазіргі таңда Н.Назарбаевтың Мәдени, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қоры арасында тиісті құжаттаманы даярлау үдерісі жүзеге асуда.
Кездесу кезінде, сонымен бірге, халықаралық өзекті мәселелер, атап айтқанда, Таяу Шығыс мәселесін реттеу, Ирак, Ливия, Сирия және Йемендегі ахуалға, сондай-ақ, Украина дағдарысына қатысты өзара сенімді пікір алмасу жүзеге асты. Дағдарысты шешу жолында мүдделі тараптардың ұжымдық күш-жігерінің қажеттілігі атап өтілді.
«Қазақстан мен Катар тек бейбітшіліксүйгіш емес, сонымен қатар, бітімгерші мемлекеттер», – деп атап өтті катарлық министр келіссөздің нәтижесі бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Тараптар БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ секілді халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде екі ел ықпалдасуын оң бағалады.
«Егемен-ақпарат».

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48