ANTIKOR • 15 Қаңтар, 2025

Пара ұсынғандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді пара беретінін айтып, уәде берген, пара ұсынған азаматтар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Пара ұсынғандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Фото: zhts.kgd.gov.kz

Аталған заң жобасы мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру үшін енгізіліп отыр.

Ұлан Сарқұлов пара ұсынуды қылмыстық жауапкершілік санатына енгізу 16 жыл бойы күн тәртібінде тұрған мәселе екенін де атап өтті. Түзетулерді пысықтау барысында алыс және жақын шет елдердің халықаралық тәжірибесі мұқият зерделенген.

«Мұндай қылмыстар бойынша шетелдегі сот-тергеу практикасы минималды, жекелеген жағдайлар ғана анықталып отырады. Десе де осы сипаттағы баптың болуы, тіпті, пара туралы әңгіменің өзі қолайсыз болатындай тәртіп пен мәдениет қалыптастырады. Пара беру туралы уағдаластықты аяқталған қылмыс деп тану айқын профилактикалық әсерге ие болады. Бұл заң жобасы мемлекетке зиян келтірмей тұрып, парақорлардың жолын кеседі», деді Антикор төрағасының бірінші орынбасары.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15