Оқиға • 13 Қаңтар, 2025

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің өмірін сақтап қалды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысындағы Төле би ауданының полицейлері денсаулығы нашарлаған қызға алғашқы медициналық көмек көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің өмірін сақтап қалды

Фото: Polisia.kz

Кешкі уақытта көше бойында келе жатқан 16 жастағы қыздың денесі құрысып, есінен танып қалған. Сол маңайдағы адамдар жедел жәрдем шақырған.

Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полицейлер жағдайды байқап, оқиға орнына бет алған. Олар жасөспірім демін әрең алып жатқанын көрген. Тәртіп сақшылары әуелі қыздың тыныс алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, кейін оны қызметтік автокөлікпен (жедел жәрдемді күтпей) аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Анықталғандай, ол қонаққа бара жатып, күтпеген жерден ауа жетпей, әлсіреген. Қыздың ата-анасы дер кезінде көмек қолын созған полицейлерге алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Жармадан көне жәдігер табылды

Жәдігер • Бүгін, 10:49

Елдік сананың темірқазығы

ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:45

Оралу: рух күші

Руханият • Бүгін, 08:40

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30