Оқиға • 08 Қаңтар, 2025

«Дубай шоколадын сатамын»: Астанада алаяқ сотталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада желіде танымал «Дубай шоколадына» қатысты алаяқтық жасаған ер адам сотталды. Алаяқ өзін сатушы ретінде таныстырып, тұрғындарды 300 мың теңгеге сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дубай шоколадын сатамын»: Астанада алаяқ сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасады (ҚК190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы) деп айыпталған А.-ға қатысты істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, А. «Дубай шоколадын» сату сылтауымен жәбірленушілерді алдап, ақшаларын бірнеше рет иемденген. Осылайша 10 жергілікті тұрғынның 301 020 теңгесін қалтасына басқан.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген.

Прокурор айыпталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұраған. Ал қорғаушы тарап сотталушыны бас бостандығынан айырмауды өтінген.

«ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағының санкциясы мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді. Жасаған ісіне өкіну және зиянды өтеуі жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», делінген хабарламада.

Нәтижесінде, сот үкімімен А. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025