Оқиға • 02 Қаңтар, 2025

Алматыда sim-box құрылғылары тәркіленді

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, ел аумағында алаяқтық қызметтің жолын кесу жұмысын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда sim-box құрылғылары тәркіленді

Фото: Polisia.kz.

Адамдарды алдау үшін қылмыскерлердің белгілі бір елде болуы міндетті емес. Sim-box құрылғыларының болуы жеткілікті, олар – жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет–трафигін қолдана отырып, жалған нөмірлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жаңа жыл қарсаңында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен Алматы ПД полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде sim-box құрылғысының үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен 25 жастағы екі жігітті ұстады.

Пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 32 слоттық төрт sim-box құрылғысын және отандық ұялы байланыс операторларының 190 sim-картасын, бірнеше телефонды, ноутбуктарды тәркіледі.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Соңғы жаңалықтар

Жармадан көне жәдігер табылды

Жәдігер • Бүгін, 10:49

Елдік сананың темірқазығы

ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:45

Оралу: рух күші

Руханият • Бүгін, 08:40

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30