Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2024

Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 28, 29 және 30 желтоқсан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады

Фото: weacom.ru

Болжамға сәйкес, алдағы екі тәулікте солтүстік және шығыс өңірлер әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпалында болады, соның салдарынан қар жауып, боран соғады. Тек 28 желтоқсанда кезекті антициклон әсерімен елдің солтүстігінде ауа райы ашық болады.

«27 желтоқсаннан бастап Қазақстанның батысында, кейін оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Ел аумағында тұман түсіп, солтүстік өңірлерде жел күшейеді», деп хабарлады синоптиктер.

Республиканың басым бөлігінде температура өз климаттық нормаларынан жоғары, алайда солтүстік аймақтарда ауа температурасының сәл төмендеуі күтіледі: түнде -7...-15°C, күндіз -5...-10°C аяз болады. Елдің қалған бөлігінде температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше