Спорт • 24 Желтоқсан, 2024

Өрендер белдесті

55 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық және республикалық ірі жарыстардың жеңім­паздары Азамат Дүмбіров пен Бекжан Мырзалиевтің құр­метіне Кеген ауданында жасөспірімдер арасында облыс­тық ашық турнир өтті. Жарысқа Алматы облы­сының аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстаннан спортшылар қатысты. 2011–2014 жылдары туған жасөспірімдер 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

Өрендер белдесті

Жарыстың салтанатты ашылуында Париж Олимпиадасының кү­міс жүлдегері Демеу Жадыраев пен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Те­ңізбаев бозкілемде белдесетін жас спортшылардың жарысына сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.

«Саламатты өмір салтын қалыптастырып, ұлт денсаулығын нығайтудағы басты міндет –  балаларды жүйелі денешынықтыру, спортпен шұғылдануға барын­ша тартуымыз қажет. Жа­рыс­тардың жиі өткізілуінің нә­тижесінде спорттың әр түрімен айналысуға талпынған балалар көбейіп, олардың спортқа қызығушылығы артып келеді. Бүгінгі жас спортшылар ертеңгі үлкен спорт әлеміне алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Бұ­лардың қатарынан да Демеу Жадыраев, Азамат Дүмбіров, Бекжан Мырзалиев сынды чемпиондар шығарына сенеміз. Дүбірлі додаға тіпті көршілес Қырғызстаннан да балуандар келгені қуантады. Халықаралық ареналарда еліміздің абыройын асқақтату үшін спорт секцияларына ата-аналар балаларын көбірек жіберсе, нұр үстіне нұр болады», деді Кеген ауданының әкімі Н.Теңізбаев.

«Спортшыларды жеңіске жеткізетін – еңбекқорлық. Жоғары дайындық пен ынта-жігер болса, алынбайтын қамал жоқ. Бала кезімде Олимпиада чемпиондары мен басқа да атақты спортшыларға қарап, солар сияқты болуға ұмтылатынмын. Бала­лардың бізге де солай қарай­тынына қуаныштымын, дән ризамын», деді Д.Жадыраев.

Тартысты бәсекеге барлығы 16 команда, 350-ден аса балуа­н қатысты. Екі күнге созылған жа­рыстың нәтижесінде өз сал­мақ дәрежелерінде Талғар өңірінен келген Қуаныш Нұр­асыл, Дәу­лет Ернұр, Талғат Нұр­әлім, Мей­рамбек Мансұр же­ңімпаз атанды. Сондай-ақ Кеген аудандық спорт мекте­бінің тәрбиеленушілері Бай­құрман Рамазан, Бақиқожа Ибрагим, Қарасай ауданынан қатысқан Орынбай Мейіржан, Қырғызстаннан келген Сұлтан Бейшебаев, алматылық Ким Рол­лан үздік деп танылды.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15