Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024

СҚО-да көпір сынып, жүк көлігі өзенге құлап кеткен

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде көпір сынып, жүк көлігінің өзенге құлағаны бейнеленген видео тарап жатыр. Желі қолданушылары жүктеген видеодағы оқиға СҚО-дағы Ғ.Мүсірепов ауылында болғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да көпір сынып, жүк көлігі өзенге құлап кеткен

Фото: instagram.com/skopetro

Оқыс оқиға Ғ.Мүсірепов ауданының Бірлік ауылында болған. Көпір тұрғындарды келесі ауыл Нежинкамен байланыстырып отырған жалғыз көпір болған. 

Аудан әкімдігі бидай артқан ауыр жүк көлігін өзеннен шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

«Жолды қысқарту мақсатында жүк тиелген «Shacman» осы өткелмен өтпек болған. Салдарынан өткел сынып кетіп, жүк көлігі аударылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жүк автокөлігін сүйреп шығару жұмысы жүргізіліп жатыр. Содан кейін өткелді қалпына келтіру жұмыстары басталады», делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік көпірді жөндеу құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенін, қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатқанын да атап өткен. 

Ал аудандық полиция «Shacman» автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай көлік аударылып, Есіл өзеніне құлағанын анықтаған.

Оқиғаның өзге де мән-жайын анықтау үшін полиция істі тергеуді бастаған. 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35