Оқиға • 16 Желтоқсан, 2024

Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында тас жолдың бірінде жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Басылым жол-көлік оқиғасының дүйсенбі, 16 желтоқсан күні түс ауа Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында болғанын жазады. Қарасу ауданы, Херцено ауылынан 10 шақырым жерде Volvo және Toyota Alphard көліктері соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ажал құшқандардың барлығы Toyota Alphard микроавтобусында болғаны анықталды.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тергеуді бастады.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55