Тағайындау • 12 Желтоқсан, 2024

Ақсуат ауданына жаңа әкім тағайындалды

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі болып Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақсуат ауданына жаңа әкім тағайындалды

Фото: Абай облысының әкімдігі

Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы 1985 жылдың 28 желтоқсанында Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Семей құқық және бизнес колледжін «заңгер», 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Тарбағатай аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға инспекторы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары, Абай облысының Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы, Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы сияқты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35