Бокс • 11 Желтоқсан, 2024

Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чиангмайда (Таиланд) ерлер арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары жұдырықтасты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды

Фото: Sports.kz

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кәсіпқой бокстан Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов 2024 жылғы Азия Чемпионатында алтын медальді өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен сарапқа салды. Нәтижесінде, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен отандасымыз қарсыласына есе жіберді.

Екі раундтан кейін қарсыластар арасындағы есеп тең болды. Осылайша, Хавасбек құрлық чемпионы атанса, Абылайхан чемпионатты күміспен аяқтады.

Абылайхан Жүсіпов әуесқой ретінде үш рет әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, сонымен қатар 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Профи рингте оның рекорды 4-0, 3 КО.

Бүгінге дейін Қазақстанның төрт спортшысы финалда сынға түсті: Санжар Ташкенбай (48 кг) Оразбек Асылқұлов, Дулат Бекбауов «күміс» жеңіп алды, ал Махмұд Сабырхан (54 кг) «алтын» еншіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25