Спорт • 08 Желтоқсан, 2024

Атырау тұрғыны 94 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Ерсейіт Бралин 94 тонналық вагонды сүйретіп, Батыс Қазақстан бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғыны 94 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Оның вагонды сүйреген видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Ерсейіт Бралин бұған дейін пауэрлифтингтен әлем чемпионы, Азияның қола жүлдегері, сонымен қатар Батыс Қазақстанда өткен «Толағай алыптары» жарысының чемпионы атанған. Қазіргі таңда пауэрлифтинг және грепплингтен спорт шебері.

«Мен ауыр салмақ көтерумен бұрыннан айналысып келемін. Алдағы уақытта шәкірт тәрбиелеп, осы салада чемпиондар шығарғым келеді. Қазір Атырау қаласындағы «Санаторий» фитнес орталығында жаттығып, жарыстарға қатысып жүрмін. Жаттықтырушым Александр Литвиновке алғысым шексіз», дейді Е. Бралин.

Алдағы уақытта Ерсейіт Бралин 5 вагоннан тұратын 120 тонналық пойызды сүйреп, Қазақстан рекордын жаңартуды мақсат етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50