Қаржы • 08 Желтоқсан, 2024

21 жасқа дейінгі жастарға несие беру жолдары жеңілдейді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 21 жасқа дейінгі жастарға несие беру кезінде есепке алынатын кіріс түрлері тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

21 жасқа дейінгі жастарға несие беру жолдары жеңілдейді

Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Несие рәсімдеуден бұрын банктер қарыз алушының төлем қабілетін оның кірісіне сүйене отырып бағалайды. Бұған дейін жастардың кірісі ретінде оның жалақысы мен стипендиясы есепке алынатын. Енді банктерге дебеттік карталардағы толықтыруларды, оның ішінде туыстардан келіп түсетін аударымдарды да есепке алуға рұқсат беріледі.

«Бұл 21 жасқа толмаған азаматтардың дебеттік картаны толықтыру арқылы алатын кірістерін есепке алу мүмкіндігін беру үшін жасалып жатыр. Бұл ретте бірдей соманы қайталап есептеуге жол берілмейді», деп жазылған түсіндірмеде.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50