Экономика • 04 Желтоқсан, 2024

Шетелден қайтарылған ақшаға жатақхана салынады

1 мин
оқу үшін

Үкімет шетелге заңсыз шығарылған активтер есебінен Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжіне» жатақхана салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шетелден қайтарылған ақшаға жатақхана салынады

Фото: primeminister.kz

300 орындық жатақхана құрылысына  2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері салынады деп жоспарланған. 

Үкімет мәліметінше, бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жояды.

Қазір қолданыстағы жатақхана 1975 жылы салынған. Орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелер ретінде пайдаланылып келген. Ал 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр болған.

Жаңа жатақхана заманауи үлгіде салынып, балалардың білім алып, жайлы өмір сүруін қамтамасыз етпек. 

Соңғы жаңалықтар

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:13

Alatau City және инвестициялық жоспар

Инвестиция • Бүгін, 07:40