Тарих • 28 Қараша, 2024

Ясауидің «Құдіретнамасы»

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ясауи феномені – тұтас түркі жұр­тына ықпал еткен бірегей құбылыс. Аңыз әулие әлі күн­ге жан-жақты зер­деленіп, жаңа қы­ры­нан ашылып ке­леді.

Ясауидің «Құдіретнамасы»

Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет», «Па­қырнама», «Миратул-қулуб», «Дар-рисалаи ада­бут-тариқат» атты ең­бек­тері көпке мәлім. Жа­қында М.Әуезов атын­­дағы Әдебиет және өнер институ­тының ғы­лыми қызметкері, PhD докторанты Бауыр­жан Мырзақұлдың зерт­теуі нәтижесінде әулие ақынның «Құді­ретнама» атты қол­жазбасы табылып отыр.

«Құдіретнама» шы­­­ғар­­масымен 2024 жыл­дың басында Таш­кентке барған ғылыми іссапа­рымызда та­нысқан едік. Сонда Қожа Ахмет Ясауи туралы екі еңбек қолы­мызға түсті. Біріншісі «Ри­солаи Султон Хожа Ахмад» шығармасы болса, екіншісі – біз тоқталып отырған «Құдіретнама» еңбегі. «Құдіретнаманың» түп­нұс­қасы Әбу Райхан Бируни атын­дағы Шығыс­тану институтының сирек қорында сақталған»,  дейді жас ғалым Бауыр­жан Мыр­зақұл.

«Құдіретнама» шы­ғармасы – дүниенің өт­кінші қызық һәм өмір­дің фә­нилігі хақын­дағы туынды. Ақын: «Міскін Ах­мет, кел енді, тәубе қы­лып жол­ға кір», деп өзін-өзі қам­­шыласа, игі жақ­сы­ларды сүйіншілеп, «Тәубе қылған пендесін жәннатта сұлтан ет­пек­ші» деп жырлайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15