Тағзым • 27 Қараша, 2024

Өнеге өрісі

58 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шын тұлға – қоғам тәрбиешісі, ел тұтқасы. Адамшылық парызы үшін қызмет қылған мұндай ұлт перзенттері қашанда ел жадында. Солардың бірі – абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ұзақ жылдар Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып еңбек еткен Қыдырбек Қорғанбекұлы.

Өнеге өрісі

Әзірбайжан Мәмбетов атын­­дағы мемлекеттік драма және комедия театрында абай­танушы ғалым, филология ғылымдарының кан­ди­даты, доцент Қыдырбек Қор­ған­бекұлына арналған «Қал­дырғаным» атты еске алу кеші өтті. Тәрбие тұнығына суарылған кеште руханият ха­қындағы ой-толғамдар, қо­ғам­дағы әкенің орны мен отбасы рөлі, белгілі ғалым туралы пікір­лер айтылды. Жиында көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин келген жұртқа алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

– Қыдырбек Қорғанбекұлы әуелі әдебиетті таңдады, ақын­дықты игерді, айтысқа тү­­сіп, мектеп жасынан тілге, әде­­биетке сергек қарайтын намысшыл оқушылардың бірі болды. Өсе келе, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген Абай­дың адамтану, дін­тану кеңістігіне бойлап, ислам­ның құдіретін, адамзат тари­хын­дағы орны жөніндегі дәйекті пікірлерін жазып жүріп, оны ғылыми тақырыпқа айналдырып, диссертация қор­­­ғап шықты. Абайдың, адам­зат­тың жан дүниесін ғалам­дық жара­тылыстағы тұғырын ашуда Абайдың қарасөздері мен Құранды, хакім поэзиясы мен пайғам­барымыздың хадис­терін шендестіре отырып зерт­теп өзінің абайтану әле­мін жасады,– деді Нұрлан Мыр­қасымұлы.

Сонымен қатар ақын, «Түр­кістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажан­ұлы сту­денттік шақтан таныған қа­ламгер туралы ойымен бө­лісті.

– Қыдырбекпен ҚазМУ-дың филология факуль­тетінде бір топта оқыдық. Топ­тың старостасы еді. Үнемі жымиып жүретін ұзын бойлы, көркем мінезді сары жігіт кез келген адаммен тез тіл табысатын. Жиын-тойларда Үкілі Ыбы­райдың «Қалдырғанын» нақы­шына келтіріп орындаушы еді. Маған әлі күнге дейін «Қал­дырғанды» дәл ол секілді ешкім айта алмайтын секілді кө­рінеді, – деді ақын.

Кеште Қыдырбек Қорған­бекұлының өмір жолы туралы деректі фильм көрсетіліп, келген көпшілік қауым өнегелі ғұ­мыр иесін тереңірек тани түсті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15