Әлем • 26 Қараша, 2024

Қырғызстанда вейп пен электронды темекіге тыйым салынды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда вейп пен электронды темекіге тыйым салынды. Тиісті заңға ел президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда вейп пен электронды темекіге тыйым салынды

Фото: kursiv.media

Тыйым 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Сол күннен бастап Қырғызстанға құрамында никотин бар сұйық электронды темекілерді әкелуге, сондай-ақ елде сатуға немесе пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар елде вейп және электронды темекі сатқандар мен оны пайдаланғандар айыппұл арқалайды. Пайдаланғаны үшін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері – 100 есептік көрсеткіш, яғни 10 мың сом (шамамен 57 мың теңге), ал сатқаны үшін 200 есептік көрсеткіш айыппұл арқалайды. Заңды тұлғалар бұдан 6 есе көп төлейді.

Ал елге заңсыз әкелгендерге ірі мөлшерде айыппұл салу, бір жылға дейін түзету жұмыстары, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15