Қоғам • 20 Қараша, 2024

Жас өрендер бақ сынады

108 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жас ағаш иілгіш келеді» дегендей, жас сана қайбір өнерге де икемді. Еліміздің ертеңіне төрелік етер жас­тарды қолдау, оларға қанат бітіру – ұлт болашағына қаланған іргетас. Бүгінде оқушы-жастарға арналған әртүрлі игі бастама жүзеге асырылып жатыр.

Жас өрендер бақ сынады

13–15 қараша күндері елор­дада шығармашыл оқу­шылар арасында XI респуб­ликалық «Ақберен» өнер байқауы өтті. Еліміздің әр өңі­рінен 123 оқушы бақ сынаған іс-шара жас дарындардың өнері мен білімі анықталатын ерекше алаңға айналды.

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде Мә­жіліс депутаты, айтыскер ақын Аман­жол Әлтай қатысу­шы­­­ларды құттықтап, жас ұрпақтың ұлттық мәдениетті дамытудағы рө­ліне зор сенім білдірді.

«Талаптың тұлпарын мін­ген, таланттың тұғы­рына қонған, білімнің шы­ра­ғын жаққан сіздердей жалын­даған жастармен бірге бол­ғанымызға қуаныш­ты­мыз. Қазақстанның жар­қын бо­ла­шағы сіздердің қол­да­рыңызда», деді ол.

Жас өнерпаздар «Ше­шендік, білгірлік сайысы», «Ақындар мүшәйрасы», «Көр­­­кем сөз оқу», «Эссе жа­зу», «Ұлттық аспапта өнер көр­­сету», «Ақындар айтысы» се­кілді алты аталым бойын­ша өзара таласқа түсті. Үздік оқушылардың жігерін шыңдаған бірегей жобада қазылар алқасының төрағасы ақын Жанат Әскербекқызы жас таланттарға шығар­ма­шылық табыс тіледі.

«Абайдың «Адам баласы ақыл, білім, ар, мінезбен озады» деген сөзі ешқашан мәнін жоғалтпайды. Бүгін осында жиналған талапты оқушылардың өнері мен білімінің куәсі болдық. Қанаттарыңыз талмасын!»,  деді Жанат Әскербекқызы.

Байқау қорытындысында ең үздік 6 қатысушы Оқу-ағарту министрлігінің бас жүлде аталымдық дипло­мымен, 12 жеңімпаз І дә­ре­желі дипломымен, 18 жүл­дегер II дәрежелі дипломымен және 30 қатысушы III дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыға естелік сыйлықтар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15