Дін • 19 Қараша, 2024

Мәһір орнына қалыңмал берсе жеткілікті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы неке қию кезінде ерінің қалыңдығына беретін бағалы сыйлығы немесе мәһірдің үкімін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәһір орнына қалыңмал берсе жеткілікті

«Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады. Ал «әке күші», «ана сүті», тағы да сол сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды», деп жазылған мүфтияттың ресми сайтында.

Айта кетейік, мәһір - отасқаннан кейін ер азаматының қалыңдығына беретін бағалы сыйы. Шариғат заңына сәйкес алда-жалда екеуі ажырасса яки күйеуі қайтыс болса, әйелі мәһірді сатып немесе айырбастап күнелтеді.

Соңғы жаңалықтар

Жол апаты азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Ағайындар атамекенге оралды

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:00

Туберкулезді емдеудің тың әдісі

Медицина • Бүгін, 09:55