Өрт – тіл-құлағы жоқ тілсіз жау. Таңғы сағат төрттің шамасында басталған өрт Кентаудағы Алтынсарин көшесіндегі №1 үй иелерінің әптер-тәптерін шығарды. Үш пәтер түгелдей жанып кетті. Құдай сақтап осында тұрып жатқан адамдардың денсаулығына ауыр зардап әкелген жоқ.
– Бізге 21 адам келіп көрінді, – дейді Кентау қалалық аурухана бөлімінің дәрігерлері. – Солардың 17-сіне дереу жедел көмек беріп үйлеріне қайтардық. Өрт болғаннан кейін зардабы болмай қоймайды. Төрт адам ауруханаға түссе, екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Екеуі хирургия бөлімінде. Уланып қалғандар бар. Оларды сауықтырудың бар шарасы қолға алынып жатыр.
Тұрғындар төтенше жағдай жөніндегі бөлімнің қызметкерлеріне алғыс айтады. Олар дер кезінде келіп, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруді ұйымдастырған. Куәлердің мәліметінше үшінші қабатта тұтанған өрт ауа тартқыш құбыры арқылы жоғары өрлеген.
Тілсіз жау бір сәтте уайымсыз отырған үш пәтердегі отбасыларды естен тандырар күйге жеткізді. Оқиға орнына жеткен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалыбеков: «Мүмкіндігінше өрт шалған пәтер иелерін уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіп жатырмыз. Біразы осындағы ағайындарының үйлеріне барып жайғасты. Қала әкімдігі ыстық тамақпен қамтамасыз етудің жағдайын шешті. Тұрғындарды далада қалдырмаймыз. Өрт шалған пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», деді.
Шетелдерде тосын жағдайда адамдарды құтқарып алғаны болмаса Үкімет баспана салып беруді немесе күрделі жөндеуден өткізуді мойнына алмайды. Ал Қазақстанда азаматтарын көшеде өз мұңымен арпалысуына жол бермейді.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов осы жағын нықтап жатыр. Құдай қос көрсе, пәтерлерінің астан-кестеңі шығып абдырап қалған отбасылар демеушілер көмегімен жөндеуден өткен сайлы пәтерлеріне қайта оралады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 22:40
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Бүгін, 22:21
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01