Есірткі • 12 Қараша, 2024

Алматыда есірткі жарнамалағандар ұсталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда полиция жерасты өткелдерінде есірткі заттарын жарнамалап сурет салған екі жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда есірткі жарнамалағандар ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Әуезов ауданының тәртіп сақшылары жастар түнгі уақытта әрекет еткенін анықтаған. Олар кең көлемді платформалар, көбінесе өткелдердегі бетон қабырғаларға сурет салған. Күдіктілер ұсталып, прокуратураның үйлестіруімен қамауға алынды. Есірткілерді насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Күдіктілердің бірі – 18 жаста, екіншісі – 22 жаста. Екеуі де басқа қаладан келгендер, Алматыда тұрақты жұмысы жоқ. Ұсталғандардың айтуынша, олар «оңай ақша табуды» көздеген. Олардың «жұмыс берушілері» міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады», дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері полицейлер 37 есірткі сатушыны ұстаған. Есірткі сатуды насихаттаған 451 интернет-ресурс бұғатталды.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше