Футбол • 29 Қазан, 2024

2024 жылғы «Алтын доп» иегері анықталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қазан күні Парижде жылдың үздік футболшысына берілетін жүлденің иегері анықталды, деп жазады Egemen.kz.

2024 жылғы «Алтын доп» иегері анықталды

Фото: instagram.com/ballondorofficial

France Football журналы дәстүрлі түрде өткізетін марапаттың үздік төрттігіне бұл жылы «Манчестер Сити» және Испания құрамасының қорғаушысы Родри, «Реалдың» үш бірдей ойыншысы Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем, Даниэль Карвахаль енді. 

Ал «Алтын доп» иегері ретінде Родри таңдалды. 

Осылайша 28 жастағы Родри 1960 жылдан кейін «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы испандық атанып отыр. 

«Барселонада» доп тебетін Айтана Бонмати әйелдер арасында «Алтын допқа» қол жеткізді. Дәл осы клуб жылдың үздік әйелдер құрамасы атағын қоса жеңіп алды. 

Ламин Ямаль («Барселона») марапаттау кешінде үздік жас футболшы мәртебесіне ие болды. 

dd

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше